Құрбан айт 16 маусымнан басталады. 17 маусымда демалыс беріле ме

17 маусым – жұмыс күні.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 16 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Арапа күні – 15 маусым. Бұған дейін ҚМДБ ұсынған діни мерекелер күнтізбесінде де, Қазақстанның 2024 жылғы мерекелер күнтізбесінде де Құрбан айт мерекесі 17 маусымға белгіленіп келген еді. 

Құрбан айт датасының ауысуын ҚМДБ "Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді", – деп түсіндірді. 

Информбюро сауалына орай жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 17-маусымға ауыстырылмайтынын хабарлады. Сәйкесінше, 17 маусым – жұмыс күні. 


Оқи отырыңыз: Құрбан айт – 2024: Қасапшылардың дайындығы қандай


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".