Астана қаласында қасиетті Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындар белгіленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тұрғындар бекітілген орындарда таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін құрбандық шала алады.
Құрбандық шалатын орындар:
- "Ұлжан" әмбебап базары, "Сарыарқа" ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары);
- "Жайлау" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
- "Шанхай" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
- "Шопан ата" базары, "Байқоңыр" ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
- "Баракат" базары, "Байқоңыр" ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға таратылады.
Айта кетейік, Астана мешіттерінде айт намазы 28 маусым сағат 06.00-де оқылады.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Құрбан айт намазы нешеде оқылады?
Пікірлер