Құрылыс компаниялары терезе жақтауын қауіпсіздік құлпымен жабдықтауға міндеттелмек

Үкімет бұл ұсынысты Мәжіліс талқысына шығаруды жоспарлап отыр.

Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында құрылыс компанияларын тұрғын үйді салу кезінде терезе жақтауларын қауіпсіздік құлпымен жабдықтауға міндеттеу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттарына берген жауабынан белгілі болды. 

Әзірге бұл ұсыныс тек үкімет ішінде талқылауда. Құзырлы мемлекеттік органдамен, президент әкімшілігімен келісілгеннен кейін ол мәжілістің қарауына енгізіледі. 

Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға қауіпсіздікті арттыру бойынша тапсырма берілгені белгілі болды. 

"Жұмыстарды күшейту шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға қауіпсіздік талаптарын сақтау және балалардың терезеден құлауына жол бермеу мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды", – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында. 


Оқи отырыңыз: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері. Біз күнделікті неге мән бермейміз?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".