Құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған Қытай азаматтарын құтқарды

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қытай азаматтарын қар құрсауынан босатты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Бүгін Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР екі азаматы туралы хабарлама келіп түскен.

"Жолды қысқарту мақсатында тасжолдан шығып кеткен ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерден тапты. Құтқарушылар автокөлікті тасжолға сүйреп шығарып, аудан орталығына дейін сүйемелдеп барды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады", – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ ауа райы бұзылған кезде тек үлкен жолдармен және тасжолдармен жүру керек екенін еске салды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".