Қырғыз депутаты есірткі сатушылар үшін өлім жазасын енгізуді ұсынды

Қырғызстанда құқық қорғау саласының 6 қызметкері есірткі саудасы үшін сотталған.

Қырғызстан парламентінде әлеуметтік саясат комитетінің отырысында депутат Медер Әлиев есірткі заттарды тасымалдаушылар мен сатушылар үшін өлім жазасын енгізуді ұсынды, деп жазды 24.kg.

Депутаттың айтуынша, есірткі саудасымен айналысатындар арасында құқық қорғау саласының адамдары да аз емес. Мұны ІІМ басшысының орынбасары Нұрбек Әбдиев те растады. Оның мәліметінше, 6 қызметкер есірткі саудасымен айналысқаны үшін сотталған.

"Конституцияны жазу барысында мен өлім жазасын енгізбеуді ұсынғандар қатарында болдым. Оны "ескішілік" деп санадым. Біз өркениетті елде өмір сүруге тиіспіз. Бірақ, есірткі қаншама тағдырды тәлкекке салып жатқанын көре отырып, өз ойымды өзгерттім. Есірткі заттарын сататын, тарататындарды және оларды панасына алып жүрген құқық қорғаушыларды атудың өзі аз. Оларды өлім жазасына кесу керек екен", – деді Медер Әлиев.


Оқи отырыңыз: Президент есірткі қылмыстарына ең ауыр жаза тағайындауды ұсынды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".