Қырғызстанда дін туралы жаңа заң жобасы шу туғызды. Жапаровтың баспасөз хатшысы жауап берді

"Құжатты "дінге қарсы заң" деп атау дұрыс емес, деді Асхат Алагөзов.

Қырғызстанда талқыланып жатқан "Діни сенім бостандығы және діни ұйымдар туралы" заң жобасы қоғамда түрлі қайшы пікір туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл заңның қажеттігі жөнінде өзінше сауалнамалар жүргізіп, оған қарсы үндеулер жариялаған болатын. 

Осыған орай, Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов әлеуметтік желіде мұндай арандатушы посттар мен сауалнамаларды тоқтатуға шақырды

"Дін мәселесі өте нәзік. Мұндай бұрмалауға жол беру "отпен ойнаумен" тең. Біріншіден, еліміздегі діни ортаны реттейтін заң жобасын "дінге қарсы" деп атау дұрыс емес. Екіншіден, заң жобасын жан-жақты талқылап, ұсыныс-пікірлерін айту үшін дін саласындағы түсінігі мен білімі жоғары ғұламалар көптен бері жиналып жатыр. Сондықтан жұртшылықты дінге қатысты арандатушылық, шындыққа жанаспайтын мәлімдеме жасаудан аулақ болуға шақырамын", – деп жазды Асхат Алагөзов. 


Оқи отырыңыз: Паранжаға тыйым: Қырғызстанда бетті бүркейтін киім кигендерге айыппұл салынбақ


Еске салайық, аталған заң жобасының аясында Қырғызстанда бетті бүркейтін киім кигендерге айыппұл салу көзделген болатын. Сондай-ақ, елде діни негіздегі саяси партиялар құруға тыйым салынбақ.

Сәйкесінше, саяси партиялар атауында немесе логотипінде діни сөздер мен бейнелерді қолдана алмайды. Сондай-ақ, олардың үгіт-насихат жұмыстарында діни материалдар мен олардың элементтерін қолдануына тыйым салынады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".