Қырғызстанда оқу жылы неге бір күн кеш басталып, бір күн кеш аяқталады

Биылғы 1 қыркүйек те, 2025 жылғы 25 мамыр да жексенбіге сәйкес келеді.

Қырғызстанда 2024-2025 оқу жылы 2 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 26 мамырда аяқталады. Бұл туралы елдің білім беру министрлігі хабарлады. Оқу жылының бір күн кеш басталып, бір күн кеш аяқталуына атаулы күндердің жексенбіге сәйкес келуі себеп. 

Министрліктің хабарлауынша, 1 сынып оқушылары үшін оқу жылы 33 аптаға созылса, 2-8 және 10 сынып оқушылары 34 апта білім алады. Ал 9 және 11 сынып оқушылары үшін оқу жылы емтихан уақытын қоса алғанда 36 аптаға дейін созылады. 

Еске салайық, Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйектің жексенбіге сәйкес келуіне байланысты оқу жылының басталу күні өзгермейтінін хабарлады. Қазақстанда алғашқы қоңырау дәстүрге сай 1 қыркүйекте соғылады. 

Ал Өзбекстанда жаңа оқу жылы 4 қыркүйекте басталады. Бұл елде 1 қыркүйекте Тәуелсіздік күні мерекеленуімен байланысты. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".