Қырғызстанда оқушыны діни медреседе пышақтап кетті: Бала оқуға заңсыз қабылданған

Жасөспірім ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Қырғызстанның Ош облысында медреседе пышақ жарақатынан қайтыс болған 14 жастағы жасөспірім туралы жаңа деректерді қырғыз құқық қорғаушысы Азиза Абдирасулова жариялады. 

Оның жазуынша, оқушы медресеге заңсыз, яғни ресми тіркеусіз қабылданған. Заң бойынша, медресеге тек 9-сыныпты бітірген балалар ғана қабылданады.

Бұған дейін баланы ата-анасы медресе дем салу үшін апарып, үш күнге қалдырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, Азиза Абдирасулова бұл ақпараттың жаңсақ екенін жазды. 

"Баланы түнгі уақытта пышақтаған. Бұл уақытта медреседе ешбір қызметкер болмаған. Бөлме сыртынан жабық болғандықтан, есікті балалар тек оқиғаға үш сағат өткеннен кейін барып аша алған. Бұл уақытта ол көп қан жоғалтып үлгерген", – деп жазды құқық қорғаушы. 

Жасөспірім ауруханаға бара жатқан жолда үзілген. Оны пышақтады деген күдікпен медресенің 16 жастағы оқушысы қамауға алынды. 


Оқи отырыңыз: 16 жастағы баланың қазасы: сот Талғарда жеті күдіктіні 2 айға қамады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".