Қыркүйекте жас жұбайларға арналған ақпараттық-түсіндіру шаралары басталады

Әлихан Смайылов елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азайып келе жатқанын атап өтті. 

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап отбасыларға ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу басталады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің депутаттар сауалына берген жауабында айтылды. 

Бұл негізінен е-gov платформасындағы жадынама, офлайн, онлайн форматтағы бейнеролик, семинар мен тренингтер және басқа да шаралар. 

"Отбасы құндылықтарды одан әрі нығайту мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы жылдың қыркүйек айында некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін оң ықпалы бар отбасылық дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, отбасын жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мәселесі бойынша некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін ақпараттық-түсіндіру шараларының кешенін іске қосуды жоспарлап отыр", – делінген жауапта. 


Оқи отырыңыз: Смайылов құрғақшылықтан зиян шеккен шаруалардың несие өтеу мерзімін ұзартуды тапсырды


Мұнымен қатар Әлихан Смайылов елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азайып келе жатқанын атап өтті. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".