Қытай қазақтары Джеки Чанға тұлпар мінгізді

Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономия өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданын мекендейтін қандастарымыз Оскар сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чанға тақия кигізіп, тұлпар мінгізді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Weibo әлеуметтік желісінде тараған видеолардан танымал актердің Шыңжаңға сапары кезінде жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленгенін, сондай-ақ қазақ салт-дәстүрі бойынша құрметті қонақ ретінде тұлпар сыйға алғанын көруге болады.

Кадрларда басына қазақы тақия киіп, қолына қамшы ұстаған Джеки Чан өз рахметін айтып жатты және елмен бірге ән салды.

Айта кетейік, Джеки Чан Шыңжаңға осы жолғы сапарында 2005 жылы жарық көрген "Миф" киносының жалғасын түсірген.


Оқи отырыңыз: Тарихшы Қытай мұрағаттарындағы Қазақ хандығына қатысты мұралар туралы айтты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".