Қытайда шенеуніктерге жұмыс орнында iPhone қолдануға тыйым салынды

Бұл тыйым барлық шетелдік гаджетке қатысты болмақ.

Қытайда мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне iPhone мен шетелде жасалған басқа да құрылғыларды жұмыста пайдалануға, сондай-ақ кеңсеге әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды The Wall Streer Journal.

Соңғы жылдары Қытай деректер қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, корпоративтік компаниялар мен мемлекеттік органдарға қатысты тиісті ережелер мен жаңа талаптарды енгізуде.

Тыйым салудан қанша мемлекеттік орган зардап шеккені әзірге белгісіз. Басылымның хабарлауынша, Пекин бірнеше жылдан бері кейбір департаменттерде iPhone-ды пайдалануға шектеу қойып келеді.


Оқи отырыңыз: Қытайда балалардың интернетте екі сағаттан артық уақыт отыруына тыйым салынбақ.


Қытай бұл тыйымды Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленіс күшейген кезде енгізді.

АҚШ-та да мемлекеттік кеңселерде шетелдік бренд телефондарды ұстауға тыйым салынған. Мысалы, Нью-Йоркте үкіметтік құрылғыларда TikTok желісін қолдануға рұқсат етілмеген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".