Қызылорда облысы спорт басқармасының басшылығына Олимпиада чемпионы тағайындалды

Бақтияр Артаев – 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер Кубогының иегері.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әкімдік ұжымына дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жаңа басшысы Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлын таныстырды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

"Туризм және спорт министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымына Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлы тағайындалды. Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған чемпионымыз, Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бақтияр Артаев. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Құқықтану", "Менеджмент", Қазақ спорт және туризм академиясын "Дене шынықтыру және спорт", ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша бітірген. "Құқықтану", "Дене шынықтыру және спорт" магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы "Тараз газ шаруашылығы басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2021 жылдары "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубы" корпоротивтік қорынының президенті, "Тарлан батырлары" ЖШС директоры, "Астана Арланс" ЖШС бас менеджері. 2021-2022 жылдары "Қазақстан бокс федерациясы" қауымдастығының ұлттық командалар үйлестірушісі, вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы қызметтерін атқарған.

Елімізде спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі "Барыс" орденімен наградталған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".