Қызылорда облысында есірткі өсірген қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынды.

Қызылорда облысында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті.

Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасы хабарлады.

Бұл бағытта Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірге арнайы іс-шара жүргізді.

"Нәтижесінде есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті. Олар қылмыстық іс-әрекетін 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған. Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды. Тергеу аяқталып, іс құжаттарымен танысу процесі жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".