Қызылорда облысында құрылыс қарқыны жоғары

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлім етті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2 500-ден астам пәтер табысталды. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. 2024 жылы 69 жаңа ғимарат салынып, бүгінде 25 білім, 16 денсаулық сақтау, 11 мәдениет, 17 спорт нысаны ел игілігіне қызмет етуде.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.

Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңге қаржы бөлді. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында "Қамқорлық" оңалту орталықтары ашылды. Мұнан бөлек, қордың 1 млрд 100 млн теңге қаржысына скрининг жүргізуге арналған жылжымалы кешен алынып, ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде.

Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".