Қызылорда облысында туған 4 мың баланың 90 пайызының тегіне "ов" пен "ев" қосылмаған

Сондай-ақ, бұрын орысша жазылып кеткен 28 баланың тегі қазақыландырылды.

Қызылорда облысында биылғы шілде және тамыз айларында дүниеге келген 3982 баланың туу туралы куәлігіне жасалған шолу олардың 90 пайыздан астамының тегінде орысша "ов", "ев", "ова", "ева" сынды қосымшалар қосылып жазылмағанын көрсеткен. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" компаниясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Айдын Қайроллаев хабарлады.

Сондай-ақ, осы уақыт аралығында дүниеге келген кезінде тегі орысша рәсімделіп кеткен 28 баланың тегіне ұлттық дәстүрге байланысты өзгеріс енгізілген.

Айдын Қайроллаевтың жазуынша, қызылордалықтар өздерінің және балаларының тегін қазақыландыруға жоғары мән беріп жатыр.


Оқи отырыңыз: Оннан астам нұсқа қолданыста. Қазақтың аты мен тегін жазуда неге бірізділік жоқ?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".