Қызылорда облысында жанармай құю бекеті өртенді: зардап шеккендер бар

Өрт сөндірушілер 20 тонналық бензин цистернасының жарылуының алдын алды.

2024 жылғы 15 қарашаға қараған түні Қызылорда облысы Шиелі ауданның аттас кентіндегі жанармай құю бекеті қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ мәліметінше, жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан екі қабатты ғимаратқа көшкен.

Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды.

"Оқиғаның салдарынан 1991 жылы туған ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".