Қызылордада жаңадан жөнделген жолдарға 1,7 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсамақ болған

Қызылорда қаласының прокуратурасы бұрын орташа жөндеу жүргізілген көшелерге тағы қаражат бөлінгенін анықтады.

Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлады.

Атап айтқанда, 2020жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

"Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы2 Бұйрықтың 4.1. тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды.

"Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған2, – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында құрылыс компаниясы үлескерлерден 606 млн теңгені заңсыз алған


Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".