Қызылордада жарылыс кезінде күйік шалған 2 бала тікұшақпен Алматыға жеткізілді

Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажет емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қызылордада төтенше жағдай кезінде қатты күйіп қалған балалар тікұшақпен Алматыға жеткізілді.

Бұл туралы денсаулық министрі Ақмарал Әлназаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Күйіп қалған екі бала 31 шілдеде шұғыл санавиация бортымен жеткізілді.

"Қызылорда облысында денесінің 75 пайызға жуығын күйік шалған, аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының Балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажет емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді министр.

Төтенше жағдай 28 шілде күні кешкі уақытта болған. Әл-Фараби ауданындағы бір үйде газ жарылды.

Жарылыстың қатты болғаны сонша, жеке меншік жермен жексен болды. Төрт жасөспірім – екі қыз бен екі ұл қатты күйіп қалды. Төртеуі ата-аналардың рұқсатымен облыс орталығына келіп, өзенге түскен.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".