Қызылордада жолсеріктер бас көтерді. Талабы – жалақыны 2 есе өсіру

Жолсеріктер алатын жалақыларының мөлшері 130 мың теңгеге жетпейтінін айтты.

Көкшетау – Қызылорда бағытындағы жолаушылар пойызында жұмыс істейтін қызметкерлер айлықтарын екі есеге көтеруді талап етті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жолсеріктердің айтуларынша, апталап жолда жүретін қызметкерлерге жолаушылардың қауіпсіздігін қадағалаудан бөлек вагонның отын жағып, күлін шығару да міндеттелген. Тіпті көмір тасу, еден жуу да – олардың міндеті.

"130 мың теңге жалақы қайда жетеді? Бала-шаға бар. Айлығымыз шайлығымызға жетпейді деген осы ғой. Оның үстіне вагондардың барлығы әбден тозған. Адамдардан да жиі шағым естиміз", – деді жолсерік Қайрат Бағдәулетов.

Олар басшылықтың құр уәдесіне сенуден қалғандарын айтты.

"Вагондар өте ескі. Бұрынғы заманның жабындылары, бұрынғы заманның жастықтары. Олардың тек тыстарын, сырттарын ауыстарды да қайта шығара береді. Қазіргі заманға сәйкес келмейді. Қазір айтсам көптеген нәрселер бар, тіпті тарақандар бар", – деді жолсерік Азат Алашбаев.

NOMADOS серіктестігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша өз вагондарымен Көкшетау мен Қызылорда арасында жолаушылар тасымалдайды. Жекеменшік компанияның өкілдері жолсеріктердің талабын бірден орындауға шама жетпейтінін айтты.

"Соңғы жыл ішінде жалақыны көтеріп жатырмыз. Биыл да, келесі жылы да көтерілуі мүмкін. Біз жекеменшік ұйым болғандықтан, жалақы мөлшері  тасымалдауға да байланысты", – деді NOMADOS ЖШС заңгері Мұрат Жанұзақов.


Оқи отырыңыз: Алматы метросындағы пойыздар жиі жүре бастады


Жолсеріктер жалақыны көтеру туралы өтініштерін бірнеше министрге жолдаған. Әзірге жауап жоқ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".