Рамазан айына орай пойыз мейрамханаларының жұмыс уақыты өзгерді

Мейрамханалар енді сәресі уақытында ашық болады.

Рамазан айына орай, пойыздардағы вагон-мейрамханалар арнайы жұмыс кестесіне ауысты, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Вагон-мейрамханалар күнделікті 8:00 мен 24:00 аралығында жұмыс істейді. Оған қоса, ораза ұстаған жолаушылардың сәресі ішуіне ыңғайлы болуы үшін мейрамханалар таңғы сағат 03:30-дан 05:00-ге дейін ашық болады.

Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі.

"Ұлттық тасымалдаушы  Рамазан айында жолаушыларға бір-біріне түсіністікпен қарап, ашуланбауды, отырған орында тазалықты сақтауды, сондай-ақ, денсаулыққа мұқият қарауды ұсынады. Ораза ұстаған жандарға саяхат кезінде әлсіздік сезінбеу үшін сапар алдында дәрігерге қарануға кеңес беріледі", – делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.

Еске салайық, Рамазан айы 11 наурызда басталды. Ол 9 сәуірде (қоса алғанда) аяқталады.

Ораза кестесімен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.


Оқи отырыңыз: Ораза 2024: ҚМДБ пітір садақасының мөлшерін белгіледі


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".