Рамазанға 1 ай қалды. ҚМДБ оразаға дайындықты пысықтады

ҚМБД діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айы 3 сәуір күні басталып, 1 мамырда аяқталады.

Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен мәжіліске наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері, бөлім басшылары және 19 өкілдіктің бас имамы қатысуымен ҚМДБ кеңейтілген төралға мәжіліс өтті деп хабарлады, басқарманың баспасөз қызметі.

ҚМБД діни күндер кестесіне сәйкес, Биыл Рамазан айы 3 сәуір күні басталып, 1 мамырда аяқталады. Осыған орай, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл айда оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға шақырды.

Ораза кестесі, пітір садақасы, зекет, підияның биылғы мөлшері таяу күнде жарияланады.

Сондай-ақ, Құран хатым оқу топтарын бекіту, қариларды мешіттерге бөлу, Рамазан айында онлайн және офлайн дәрістер, уағыз-насихаттар және тарауық намазын өткізу мәселелері пысықталды.

"Таяуда мұсылман баласы асыға күтетін, айлардың сұлтаны Рамазан айы басталады. Бұл – халқымыздың рухани сұранысын қанағаттандырып, барынша уағызымыз бен насихатымызды айтып, рухани кеңесімізді, пәтуамызды жеткізіп қалатын үлкен мүмкіндік әрі маусымдық кезең. Сондықтан ұлық айды барынша дайындықпен өткізуге бар күшімізді сарп етейік", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".