Рекорд: Маусым айында қазақстандықтар 800 млрд теңге тұтынушылық несие алды

Берілген автонесие көлемі 130 млрд теңгеден асады.

Маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл тарихи максимум, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Берілген тұтынушылық кепілсіз несиелердің көлемі 800 млрд теңгеден асты. Бұл да рекорд.

Берілген автонесие көлемі 130 млрд теңгеден асады. Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Бір айда 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алуға өтініш білдірді. Бұл көрсеткіштен көбірек тек 2022 жылдың қарашасында болды.


Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттерінің электронды үкіметтері интеграцияланады


Сонымен қатар, ипотекалық несиелердің орташа мөлшері төмендеді. Маусым айында бір ипотекалық несиенің орташа көлемі 15,4 млн теңге болды. Бұл биыл жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіш. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".