Ресей Украинаның әскери нысандарын зымыранмен атқылап жатыр

Бірнеше қаладағы командалық-диспетчерлік орталыққа, аэродромдарға, әскери қоймаларға зымыран оқтары тиген.

Украинаның Ішкі істер министрлігі Ресейдің елдің әртүрлі аймағында әскери нысандарға зымырандық шабуыл жасап, шекара бекеттерін атқылап жатқанын хабарлады.

"Киев, Харьков, Днепрдегі командалық-диспетчерлік орталыққа, аэродромдарға, әскери қоймаларға зымыран оқтары тиді. Қазір шекараны артиллериялық атқылау жүріп жатыр. Біз өз жерімізді қорғаймыз!" – делінген Украинаның Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

"Интерфакс-Украина" Киев уақытымен таңғы 5.00-те бүкіл Украинадағы әскери нысандарға зымыранмен атқылау басталғанын хабарлады. Николаев қаласында ауқымды өрт шалды. Харьковта зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы жойылды.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".