Ресейде теракт ұйымдастырмақ болды деп күдікке ілінген екі қазақстандық көз жұмды

Ресейлік БАҚ-тың дерегінше, күдіктілер «Вилаят Хорасан» ұйымының мүшелері болған.

Көрші елдің федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі синагогаға шабуыл жасағалы жатқан екі террористің көзі жойылғаны жайлы ақпарат таратқан еді. Көп ұзамай Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі екі адамның да Қазақстан азаматы екенін және шекараны кесіп өткенін растады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ресейлік БАҚ-тың дерегінше, күдіктілер «Вилаят Хорасан» ұйымының мүшелері болған. Терактіге Калужск облысында дайындалыпты. Олар тұрған үйден Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және жарылғыш заттар әзірлеуге қажетті дүниелер табылған.

"Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып отыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", – деп жазды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Қызылорда мен Павлодар облыстарында "телефон террористері" ұсталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".