Режиссер: Қазақ хандары емес, батырлары туралы фильмдер түсіру қажет

Айсұлтан Сейітов қазақ аудиториясына батырлар туралы фильмдер өтімді болатынын айтады.

Қазақстанға бір адамның хикаясы арқылы тарихты жеткізетін фильмдер жетіспейді, деді режиссер Айсұлтан Сейітов Dope soz подкастына берген сұхбатында

"Бізде көбінесе хандар туралы түсіреді. Біріншіден, қарапайым адам өзін қалай ханмен байланыстырып, эмпатия құра алады? Ол ханның басынан өткендерді ешқашан түсінбейді", – дейді режиссер.


Оқи отырыңыз: Ұлттық киноны қолдау орталығы енді фильмдерді қазақша дубляждауға қаржы бөледі


Айсұлтан Сейітов қазақ аудиториясына батырлар туралы фильмдер өтімді болатынын айтады.

"Бізге батырлар туралы фильмдер өтер еді. Бірақ олардың қалай хан болғаны туралы емес. "Жеті самурай" стиліндегі болса. Мен осы стильдегі батырлар туралы фильмді көргім келеді", – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".