Риддер жылу орталығында қазандық өшіп, тұрғындар тағы ыстық сусыз қалды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында қазандық өшіп, халық тағы ыстық сусыз қалды.

Жаз бойы ыстық сусыз отырған Риддер халқына осыдан бірнеше күн бұрын ғана ыстық су берілген, бірақ ыстық су кеше тағы өшірілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі.

Бұған себеп – жылу электр орталығындағы іске қосылған орташа қысымды қазандықтың қайтадан өшірілуі.

Ал оның не үшін өшірілгенін Риддердегі "Су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Константин Хан түсіндіріп берді.


Оқи отырыңыз: Қонаев тұрғындары белгісіз мерзімге дейін  ыстық сусыз қалды.


"Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, күрделі жөндеуден өткен жабдықтар іске қосылғаннан кейін 48 сағат ішінде сынақтан өтеді. Осыдан кейін қазандықтың әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі тексеру үшін жоспарлы түрде оны өшіру қажет. Сол себепті №3 жылу қазандығы уақытша өшірілген", – деп түсіндірді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".