Садыр Жапаровтың қарындасының қолын тікұшақпен келіп сұраған экс "күйеу бала" қамауға алынды

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі растады.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов Садыр Жапаровтың інісінің қызы Ләззат Нұрқожаеваның жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растап хабарлады.

"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Лаззат Нұрқожоеваның жігіті туралы ақпарат ұшақпен "қыздың қолын сұрау" оқиғасынан кейін белгілі болған. Бұл жас жігіттің басты мақсаты заңсыз әрекеттерін жасыру үшін жоғары жақтан қорғайтын адамдарды ("крыша") табу екені әшкере болды деуге толық негіз бар", – деп жазды Аскат Алагозов Facebook желісінде.

Оның сөзінше, президент Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасыруға тырыспайды.

Ал ұсталған экс "күйеу бала" мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында анықталады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".