Сайлау тәртібінде өзгеріс: Президент, парламент сайлауына түсетіндерге талап күшейеді

Фото: Информбюро
Фото: Информбюро
Жаңа талап мәслихат депутаттары мен әкімдікке, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға да қатысты.

Қазақстанда сайлау өткізу тәртібіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Оның ең маңыздыларының бірі – сайлауға түсуден шеттетілетіндер қатарына ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жатқызылады. Бұл ретте олардың кінәсі сот арқылы дәлелденген болуы тиіс. Өзгертулер жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. 

Жаңа нұсқаға сәйкес, енді: 

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ауыр, аса ауыр қылмыс жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

Құжат жобасының түсіндірмесінде бұл өзгерістер ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны (қасақана кісі өлтіру, террористік акт жасауға қатысу және тағы басқа) үшін кінәсі заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы дәлелденген үміткерлерді тіркеу мәселелерін реттеу үшін енгізілгені жазылған. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда Парламент сайлауы мерзімінен бұрын өте ме? Тоқаев жауап берді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".