Самұрық-Қазына "Қазақстан халқына" қорына аударатын қаржы 3 жылда пайдаланылмаса, кері қайтарылады

Қор жыл сайынғы таза табысының кемі 7 пайызын «Қазақстан халқына» қорына аударуы тиіс.

"Ашық НҚА" порталында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза табысынан "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қаражат бөлу қағидасының жобасы жарияланды.

Жобаға сәйкес, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жыл сайынғы таза табысының ең кемі 7 пайызын "Қазақстан халқына" қорына аударады. Алайда бұл үшін "Қазақстан халқына" қоры тарапынан қажет қаражат сомасы және оның қандай мақсатқа жұмсалатыны айқындалған сұрау болуы тиіс. "Самұрық-Қазына" аударатын қаражат сомасы осы сұрауға орай қарастырылып, нақты шешімді қор акционері, яғни ел Үкіметі шешеді.

Ал егер сұрау салынған қаражат 3 жыл ішінде кәдеге жаратылмаса, онда ақша "Самұрық-Қазына" қорына қайтарылады және қайта сұралмайды.

Құжат жобасы 30 қаңтарға дейін жария талқылауда болады.


Оқи отырыңыз: "Хабар" агенттігін енді "Самұрық-Қазына" қоры қаржыландыруы мүмкін


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".