"Самұрық-Қазына" қоры Ұлттық қордан қаржы алады

Ұлттық қор қаражаты "Самұрық-Қазына" қоры шығаратын борыштық бағалы қағаздарға салынады.

"ҚР Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметі қаулысына өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулер жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды.

Қаулыда бұған дейін Ұлттық қор қаржысын салуға болатын шетелдік қаржы құралдарының тізімі жазылса, енді бұл қатарға қазақстандық жалғыз қаржы құралы – "Самұрық-Қазына" АҚ борыштық бағалы қағаздары қосылады.

Қаулы жобасына сәйкес, "Самұрық-Қазына" Ұлттық қордан алатын қаражатты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсайды.

Еске салайық, таяуда Үкімет қордың екі басым жобалар топтамасын мақұлдады. Бірінші топтамада 13, екіншісінде 18 жоба айқындалған. Жобалар мұнай-газ, энергетика, теміржол, телекоммуникация, Қазақстанның батыс облыстарын сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, электр энергетикасы және теміржол көлігін дамыту салаларын қамтиды.


Оқи отырыңыз: Сапарбай Жұбаев: "Самұрық-Қазына" активінің ЖІӨ-дегі үлесін 10-15 пайызға түсіру керек


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".