"Самұрық-Қазына" жыл сайын "Қазақстан халқына" қорына табысының 7 пайызын аударады. Үкімет қаулысы қабылданды

Бұл туралы президент "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауында тапсырған болатын.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді, деп хабарлады primemimister.kz.

Қаулыға сәйкес "Қазақстан халқына" қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады, олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.

Атап айтқанда, науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру, медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау, ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.


Оқи отырыңыз: "Хабар" агенттігін енді "Самұрық-Қазына" қоры қаржыландыруы мүмкін


Еске сала кетейік, жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".