Саңырауқұлақты кімдерге жеуге болмайды?

Диетолог дені сау адамдарға да саңырауқұлақ жерде абай болуды ескертеді.

Кей адамдарға саңырауқұлақ жеуге болмайды, деп мәлімдеді диетолог Анжелика Дюваль "Москва 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Маманның айтуынша, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан зардап шегетіндердің саңырауқұлақ жеуден бас тартқаны дұрыс. Өйткені ағзаға бұл тағамдықорыту оңай емес.

"Өт қабының немесе ұйқы безінің жұмысы нашарлаған адамдар саңырауқұлақ жемегені жөн. Ол ас қорыту процесін ұзартады. Ал толық қорытылмаған тағам ішек микрофлорасын бұзады. Ал ол ағзаның улануына, метеоризм мен қабынуға әкелуі мүмкін", – деп ескертті Анжелика Дюваль.

Диетолог дені сау адамдарға да саңырауқұлақ жерде абай болуды ескертеді. Айтуынша, бұл тағамды күнделікті қолданудың қажеті жоқ. Аптасына бір немесе екі рет қолдану жеткілікті. Әсіресе, түскі асқа дейін жеген жөн. 


Оқи отырыңыз: "Диета сайын семіре бердім". Тамақтан бас тарта алмайтындардың анонимді тобы қалай жұмыс істейді?

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".