Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" орталығы қайта құрылады. Енді ол қалай аталады

Орталық енді республикалық мемлекеттік кәсіпорын болады.

Оқу-ағарту министрлігі "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын "Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы құжат жобасы жария талқыға ұсынылды. 

"Орталықты құру инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-зерттеу қызметін және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етеді", – делінген құзырлы министрліктің түсіндірме жазбасында. 

Сондай-ақ, "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын" заңды тұлғасының нысаны ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысуға, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және жұмыс үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды тартуға, сондай-ақ тұтынушылардың сұраныстарына жедел жауап беру, қосымша қызметтер көрсетуге, кәсіпорынның материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базасын жақсартуға мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өтті


Еске салайық, бұл орталық 1997 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен "республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығы" болып құрылған болатын. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".