Сарайшық қаласы мен Шоқанның мұражай-саябағы 2023 жылы қалпына келтіріледі

Сарайшық пен оның аумағындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру және сақтау бойынша ғылыми негізде тұжырымдама әзірленген.

2023 жылы Сарайшық қалашығы мен Шоқан Уәлиханов атындағы мемориалдық мұражай-саябағында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі. 

Сарайшық қалашығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырманы 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берген болатын. Қазіргі уақытқа дейін ежелгі қалашық пен оның аумағындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру және сақтау бойынша ғылыми негізде тұжырымдама әзірленген. 


Оқи отырыңыз: Тарихшы: Сарайшықтан Еуропаға дейінгі аймақта Алтын орда тарихы әлі зерттелген жоқ 


Сондай-ақ, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш – Шоқан Уәлихановтың мемориалдық мұражай-саябағында да ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарланып отыр. Жоба аясында тарихшы, этнограф-ғалымның зираты мен ескерткіштерін, "Алтын емел" мұражайын  қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүреді. Заманауи музей технологияларын қолдана отырып, экспозициялық стендтерді да жаңарту көзделген. 

"Ғылыми-реставрациялық жұмыстар биыл жүзеге асырылады. Жалпы, Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы 5 бағытта ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асырады", – деді Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".