Президент Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты.
Бұл туралы Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", – деді Берік Уәли.
Еске салайық, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді.
Пікірлер