Сауд Арабиясы Қазақстанға 50 мың Құран кітабын сыйға берді

2024 жылға Қазақстанға ұсынылған қажылық орындарының саны 2,5 есе артты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Сауд Арабиясы корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесуі өтті. Шара барысында Файсал бен Ханиф әл-Кахтани Сауд Арабия Корольдігі атынан Қазақстанға берілген 50 мың Құран кәрімді табыстады.

Фото: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты

"Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері біз Сауд Арабиясымен тығыз жан-жақты қарым-қатынастамыз. Дипломатиялық байланыстар аясында біздің діни салада да әріптестік орнатқанымызға көп жылдар өтті. Осы жылдар ішінде біздің байланысымыз нығая түсті. Қажылыққа қатысты екі жақты жұмыстарымыз жетіліп, өз нәтижесін беріп келеді. Биыл елімізден төрт мың адам қажылығын өтеп қайтты", – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, екі ел арасындағы келісім бойынша 2024 жылға Қазақстанға ұсынылған қажылық орындарының саны 2,5 есе (4 мыңнан 10 мыңға) артты


Оқи отырыңыз: Қажылық 2024: Сауд Арабиясы Қазақстанға 10 мың орын ұсынды


Еске салайық, бүгін қазақстандықтарды 2024 қажылыққа апаратын туристік компаниялар тізімі белгілі болды. ҚМДБ байқауына 31 туркомпания құжат өткізсе, олардың 17-сі ғана байқау талаптарына сай келген. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".