Сауд Арабиясында тұңғыш рет UFC турнирі өтеді

UFC Fight Night Эр-Рияд қаласында 2024 жылғы 2 наурызда өткізіледі.

2024 жылы Сауд Арабиясының астанасында алғаш рет UFC турнирі өткізу жоспарланып отыр. Промоутерлік ұйым мен Сауд Арабиясының бас ойын-сауық басқармасы осындай келісімге келді. Турнир келер жылғы 2 наурызға жоспарланған. 

Турнирдің тағы бір ерекшелігі – оны көруге билет сатылмауы мүмкін. Турнирдің өзі UFC Fight Night деңгейінде ұйымдастырылады.

Айта кетейік, соңғы уақытта араб елдерінде, оның ішінде Сауд Арабиясында MMA спортына қызығушылық артып келеді. Дегенмен, UFC араб елдерінің турнирлерін тек Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана өткізіп келген болатын. 


Оқи отырыңыз: 500 түрлі жаттығу жасайтын оқушы Әли Досман қалай 110 мың жанкүйердің кумиріне айналды


2016 жылдан бері Сауд Арабиясы елде гольф, футбол, Формула-1, бокс, баскетбол, крикетті дамытуға қомақты инвестиция салып келсе, енді аралас жекпе-жекке қолдау көрсете бастады. 

Биылғы тамызда Сауд Арабиясының Sports Investments инвестициялық қоры құрылып, ол америкалық Professional Fighters League (PFL) ұйымының миноритарлы үлесі 100 миллион АҚШ долларына сатып алды. Бұл MMA спортының тарихындағы қомақты инвестициялардың бірі. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".