Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Әлихан Бөкейхан есімін иеленді

Бүгіннен бастап оқу орны Alikhan Bokeikhan University аталады.

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Әлихан Бөкейхан есімін иеленді. Бүгін университеттің алдына орнатылған Алаш көсемінің бюсті ашылды. Бюсттің ақ шымылдығын Әлихан есімді жасөспірімдер түрді. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков.

Шара "Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер" ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.

"Президентіміздің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында және республика жұртшылығының қолдауымен университет атауы Alikhan Bokeikhanov University болып ауысты. Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл – сонымен қатар, университет құрылтайшылары мен білім алушыларының ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрметі", – деп атап өтті университет ректоры Шырын Құрманбаева.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".