Сенатор Қазақстанда футбол туралы арнайы заң қабылдауды ұсынды

Ол құрама бас бапкері мен ойыншыларының жалақысы құпия болуын сынады.

Депутат Дархан Қыдырәлі Сенат отырысында қазақ футболының мәселелерін көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда төрешілер мен жаттықтырушыларды оқыту деңгейі стандарттарға сәйкес келмейді және соңғы жылдары қазақстандық футболшылардың деңгейі өзімен қатарлас болған елдерден әлдеқайда төмендеп кеткен. 

"Бір кездері бізбен деңгейлес болған, қазір командалары Олимпиада ойындары мен әлем, Еуропа чемпионаттарында көзге түсіп жүрген Грузия, Өзбекстан сияқты елдер балалар футболын қолдау, мамандар даярлау, инфоқұрылымды дамыту, бірыңғай жүйе қабылдау, футбол алаңдары мен стадиондар салу арқылы нәтижеге жеткені белгілі", – деді Дархан Қыдырәлі. 

Сондай-ақ, сенатор футбол клубтарын қаржыландыру ісінде ашықтық жоғын алға тартты. Салаға қанша қаржы бөлініп, оның қаншалықты ақталып жатқанын қадағалау мүмкін емес. 


Оқи отырыңыз: 


"Еуропаның топ құрамаларының бапкерлерінен біразынан көбірек жалақы алатын ұлттық құраманың бас бапкерінің айлығы құпия. Көпшілігі жергілікті бюджетке байлаулы футбол клубтарындағы легионерлердің айлықтары да ашық айтылмайды. Көптеген мемлекеттерде футболға қатысты арнайы заң қабылданған. Осы саладағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу үшін бәлкім бізге де футбол туралы арнайы заң қабылдаудың уақыты келген шығар", – деді Сенат депутаты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".