"Сергек" сергек: астаналықтарға 3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды

Қалада жыл басынан бері 500 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Қаппаровтың хабарлауынша, елордада 2022 жылы 500 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркеліп, жүргізушілерге 4,6 млрд теңге айыппұл салынған.

"2022 жылдың басынан бергі уақытта елорданың полиция департаменті 4 639 481 646 теңге сомаға 542 612 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның аясында 3 647 778 893 теңге өндірілді. Өндіріп алу көрсеткіші – 78,6%", – деп атап өтті Нұрлан Қаппаров.

Полиция департаментінің аға инспекторының мәліметінше, аталған құқық бұзу фактілерінің 422 339-ы "Сергек" камералары арқылы тіркелген. Ол фактілер негізінде 3 207 892 304 теңге айыппұл салынған.


Оқи отырыңыз: "Сергек" камераларына түспеудің амалдары


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".