Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Ол комитетті 2019 жылдың қаңтар айынан бастап басқарды.

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетті. 

"Ол өз еркімен спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", – деп растады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сәпиев комитетті 2019 жылдың қаңтар айынан бастап басқарды. Бұған дейін 2014-2017 жылдары Astana Arlans ЖШС бас директоры болған, ал оның алдында – 2013-2014 жылдары Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметін атқарды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".