Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды

Сот отырысы түнде өткен.

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Нұрымовтың қорғаушылары. Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі растады. 

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қоғамдық орында балағат сөз айтқаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны және жеке тұлғаларға тиіскені үшін әкімшілік іс қозғалғаны белгілі болған. Қаржаубай Нұрымовқа шағын бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. Сот отырысы түнде өткен. 

"Таңертең апелляцияға береміз", – делінген адвокаттардың хабарламасында.

Сондай-ақ, митингке шақырғаны үшін Нұрымовтың жақын туысы Бақыт та 15 тәулікке қамалды. Оған қоса, ол Қазақстан азаматы болмағандықтан, сот оны елден шығару туралы шешім қабылдады. Қаржаубай Нұрымовтың тағы бір бауыры Салтанат бұзақылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал Нұрымовтың күйеу баласына қатысты қозғалған әкімшілік іс бойынша іс бүгін қаралады.

Еске салайық, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат төбелес кезінде жарақат алып, қайтыс болды. Бұл іс бойынша полиция 11 адамды ұстады. 12 қазанға қарағанда марқұм Шерзаттың отбасы тұрған үй өртеніп кетті. Бас прокуратураның хабарлауынша, үй қасақана өртелген.


Оқи отырыңыз: Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты Алматы облысының полициясы ұстады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".