Шетел мультфильмдерін қазақ тіліне аударуға қанша қаражат жұмсалды?

Туындыларды қазақ тіліне аударуға арналған қаражат мемлекет бюджетінен бөлінген.

Nickelodeоn арнасының туындылары қазақ тілінде аударылып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров туындыларды қазақ тіліне қай компаниялар аударғанын атап өтті.

"Аудармамен "Қазақфильм", Cinematon және Movie Distribution компаниялары айналысты. Аударма сапалы болуы үшін, арнаның деңгейіне сай болуы үшін қазақстандық компаниялар да, шетелдік компаниялар да дубляжға тартылды", – деді Данияр Қадыров.

Туындыларды қазақ тіліне аударуға арналған қаражат мемлекет бюджетінен бөлінген.

"Қаражат министрлік пен қазақстандық қоғамдық даму институтының есебінен бөлінді. Барлығы – 570 млн теңге. Бұл Nickelodeоn мен Tiji арнасының туындыларының 800 сағатын аударуға жұмсалады", – деп толықтырды вице-министр.

Айта кетейік, жыл соңында дейін туындылардың тағы 354 эпизоды қазақ тіліне аударылады. Бұл туралы "Nickelodeon" телеарнасының ТМД және Балтия елдеріндегі балалар және ойын-сауық брендтерді дамыту жөнінде вице-президенті Мария Косарева мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: "Энканто" анимациялық фильмінің қазақша дубляжы онлайн жарық көрді


 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".