Шалғын көбелегінен зардап шеккен Ақтөбе облысының аудандарында зерттеу жұмыстары басталды

Өңірдің Қарғалы, Алға, Мәртөк және Әйтеке би аудандарында көбелек құрты шабындықтар мен бақша өсімдіктеріне шегірткеден бетер зиян келтірген.

Бұл мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Марс Алмабек мәлімдеме жасап, қазір құрт жайлаған Ақтөбе облысының 10 мың гектар жеріне зерттеу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бірақ, зиянкестерді жеке шаруашылықтардың өздері улауы керек. Химиялық заттарға кеткен шығынның 50 пайызы субсидия түрінде қайтарылады. Биыл жалпы республика бойынша зиянкестерді улау шарасын субсидиялауға 32 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 584 миллионы Ақтөбе облысына тиесілі.


Оқи отырыңыз: Шөп талғамайтын шалғын көбелегі Ақтөбе облысының шаруаларына зор шығын әкеліп отыр


"Техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық субсидиялар беру аясында шаруа және фермерлік қожалықтарға өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізу бойынша бүріккіштерді арзандату үшін өздігінен жүретін бүрку техникасы құнының 50%-ына дейін субсидиялау көзделген, сондай-ақ тракторлардың құны арзандатылады, отандық өндіріс тракторлары бойынша құнының 30%-ына дейін, импорттық өндіріс үшін 25%-ына дейін субсидиялау көзделген", – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Ақтөбе облысының Қарғалы, Алға, Мәртөк және Әйтеке би аудандарында шөп талғамай кеміретін құрт шабындықтар мен бақша өсімдіктерінің түгін қалдырмай жеп тастағанын хабарлаған болатынбыз. 

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".