Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Алаяқ оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген.

Несиеге рәсімделген электрониканы алаяқ әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған. Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде ғана білген.


Оқи отырыңыз: Банк карталарымен жасалатын алаяқтықтың қалай алдын алуға болады?


Бұл жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".