"Шындыққа ренжуге болмайды". Әуесбаев Дайрабаевпен дебатта кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Ол Орталық сайлау комиссиясына республикалық деңгейде дебат өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

Нұрлан Әуесбаев "Ауыл" партиясынан президент болуға үміткер Жигули Дайрабаевтың өзін ашық дебатқа шақыруына байланысты Facebook желісінде бейнежауап жариялады.

"Үміткерлердің бәрі мәре сызығына шығып, қызу жұмыс жүргізуде. Мен де жай отырған жоқпын. Өңірлерді аралап, жергілікті халықпен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылаудамын. Маған белгілі болғандай, жақында "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев менің сөйлеген сөздеріме ренжіп, Facebook желісінде үндеу жазып, мені ашық дебатқа шақырыпты. Менің айтқандарым шындық. Ал шындыққа ренжуге болмайды", – деді Нұрлан Әуесбаев.

Ол, сондай-ақ, Жигули Дайрабаевпен де, президенттікке өзге үміткерлермен де пікірталасқа түскісі келмейтінін хабарлап, оның орнына Орталық сайлау комиссиясына келесі аптада республикалық деңгейде дебат өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

"Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада республикалық деңгейде дебат өткізуді талап етемін. Сол дебатқа қуыршақ емес үміткерлер, саяси тұлғалардың болғанын қалаймын", – деді Нұрлан Әуесбаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда президент сайлауы қалай өтетінін білесіз бе? Тест


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".