Сібір жарасы: Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында карантин жарияланды

Ветеринарлар инфекция ошағын жою мақсатында 1 800 шаршы метр қора-жайды дезинфекциялаған.

Алматы облысындағы ауылда сібір жарасы расталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкету ге тыйым салынған.

"Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Елді мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажет мамандар мен арнайы техника штаты бар. Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр. Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажет ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".