Шілдеден бастап 90 мың анаға берілетін жәрдемақы 25 мың теңгеге дейін өседі

Қазір "Наградталған аналар" мәртебесін беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


"1 шілдеден бастап "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған, яғни 7 баланы дүниеге әкелген және өсірген аналарға республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін өседі (2023 жылы – 25 530 теңге). Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысты болады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иелеріне жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады


Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда "Наградталған аналар" мәртебесін беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.

Бүгінгі күні 6, 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Енді марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".