Смайылов: Мемлекеттік қызметшілер саны 15 пайыз қысқарды

Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттігі кеңейтілді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметшілер саны 15% қысқарғанын айтты.

Ол Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

"Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттігі кеңейтілді", – деді Әлихан Смайылов.


Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге: Президент – әулие емес, оны мадақтаудан гөрі халық алдында абыройлы болу маңызды.


Мұнымен қатар мемлекеттік қызметшілер саны 15% қысқарғанын айтты.

"Бұл жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Ол министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады", – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".