Солтүстік Қазақстан облысында 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр

Қалпына келтіру жұмыстары электр жабдықтары зақымданған жерлерді іздеу жұмыстарының ауқымды болуына байланысты кешіктіріліп жатыр.

Қазақстанның солтүстігінде ауа райының қолайсыздығынан 150 елді мекен жарықсыз қалды.

"18 қарашада облыстың 11 ауданында электр қуаты үзілді. 217 елді мекен немесе 33 мың абонент жарықсыз қалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 20 қараша күні таңертең 10 аудан жарықсыз қалды, бұл – 150 елді мекен немесе 21 мыңнан астам абонент", – деді төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Сәкен Ағзамов.

"Солтқазэнерго" АҚ Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылындағы тұтынушыларды электрмен қамтуды жартылай қалпына келтіргенін хабарлады.


Оқи отырыңыз: Қарағандыда тұрғындар жаппай жылытқыш қосып, қала жарықсыз қалды


"Жұмыс ұзақтығы электр жабдықтары зақымданған жерлерді іздестіру жұмыстарының ауқымды аймағымен байланысты. 110 кВ әуе желісінде жерге қосу сымының үзілуі анықталды. Ауа температураның төмендеуімен соққан екпінді жел әуе желілерінде көктайғақтың пайда болуына әкеліп соқтырды. Бұл желілердің техникалық жобалық параметрлерінен асып кетті. Осы себепті айтарлықтай көлемдегі бұзылулар орын алды", – деп түсіндірді компания.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".